Штативтер
Сіздің қажеттіліктеріңізге арналған ең үздік штативтер
Жақсы штативтің маңызды өлшемі - оның тұрақтылығы, анығырақ айтқанда, бұралуға беріктігі болып табылады. Осымен, бұл - Leica Geosystems-тің түпнұсқа штативінің өте құнды дәлелі, бірақ, ол ғана емес. Басқа да маңызды артықшылықтары - жүктеме кезіндегі биіктіктің тұрақтылығы және минималды көлденең жылжу. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді қызмет ету, дірілді оңтайлы басу, суға төзімділік, күн сәулесінде тамаша жұмыс жасау және олардың жүк көтергіштігіне қатысты салмағы сияқты артықшылықтарды да назардан тыс қалдыруға болмайды.
Сіздің талаптарыңызға сәйкес ең жақсы штатив
Leica Geosystems сізге барлық геодезиялық құралдар мен қолдану аясы үшін жоғары сапалы штативтердің үлкен таңдауын ұсынады. Құрылғының көрсетілген дәлдігіне қол жеткізу үшін, штативті дұрыс таңдаудың мәні зор. «Ауыр салмақты» және «жеңіл салмақты» классификациясы толығымен ISO 12858-2 стандартына негізделген. Олар тұрақтылық талаптары мен аспаптың салмағы бойынша ерекшеленеді.
Ауыр салмақты штатив
Professional 5000 сериясы тек жоғары тұрақтылықты қамтамасыз ететін ауыр жүкке арналған ағаш штативтерден тұрады. Ең үздік биіктік тұрақтылығы, максималды бұралуға беріктік және ұзақ уақыт ішінде минималды көлденең жылжу. 15 кг-ға дейінгі аспаптарға жарайды. Бұрыштың ең жоғары дәлдігі 3" және одан аз болатын өлшеулерге арналған. Мұқият таңдалған шамшат ағашының вибрацияны басқыш сипаттамаларына байланысты, бұл серияны моторлы TPS аспаптарында қолдану ұсынылады. Биіктігі тұрақты болуына байланысты, бұл серия LS15 сандық теңестіруін тамаша толықтырады.
Жеңіл жүктерге арналған штатив
Professional 3000 сериясы жоғары сапалы, жеңіл салмақты штативтерден тұрады.
Салмағы 5 кг-нан аспайтын аспаптар үшін ыңғайлы.
Ең күрделі пайдалану жағдайларында
максималды қызмет көрсету мерзіміне оңтайландырылған.
Қолданыс аясына сәйкес, ағаштан немесе
алюминийден жасалған күйде қолжетімді.
GST05 ағаш штативтері моторсыз TPS құралдарына сәйкес келеді, бұрыш дәлдігі 5"-ден» 7"-ге дейін. Мобильді GNSS анықтамалық станциялары мен статистикалық бақылаулар үшін өте ыңғайлы штатив. GST05L алюминий штативі. Бақылау пункттеріндегі қысқа мерзімді призма станциялары үшін немесе GNSS өлшеу науқандары үшін жеңіл штатив ретінде жарамды.
Әмбебап штатив
Professional 1000 сериясы талап етілетін қолдану жағдайларына арналған ауыр және жеңіл штативтерден тұрады.
GST101 ауыр ағаш штативі қайыңнан жасалған және тірек нүктелеріне дәл бағыттап, орнатуға арналған.
GST103 алюминий штативі автоматты түрде нивелирлеу үшін де, дәлдік талаптары төмен призма станциялары үшін де өте қолайлы.
Түпнұсқаның тұрақтылығы
Leica Geosystems штативтері тек ағаштан немесе алюминийден жасалған. Ағаш, әсіресе Leica Geosystems пайдаланатын шамшат пен қайың уақыт өте келе тік қозғалыста және көлденең жылжуда өлшенетін тұрақтылықтың ең үздік мәндерін ұсынады. Сондай-ақ, ағаш оңтайлы тербеліс сипаттамаларын ұсынады, сондықтан,
моторлы TPS пайдалану кезінде айтарлықтай артықшылықтар береді. Ылғалдың сіңуіне жол бермеу және максималды қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету үшін, ағаш штативтердің беттері бірнеше рет герметизацияланады. Алюминий штативтері берік және салмақты үнемдейді, бірақ қолдану аясы шектеулі.